Абат Айымбетов ресми «Қайрат» ойыншысы атанды

Абат Айымбетов ресми «Қайрат» ойыншысы атанды

Ұлттық құрама шабуылшысы Абат Айымбетов ресми түрде «Қайрат» футбол клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды prosports.kz алматылық клубтың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

«Ақтөбе» футбол клубының түлегі Абат Айымбетовпен «Қайрат» 1+1 әдісі бойынша келісімшарт жасасты. <br />Абат «Ақтөбе» сапында жасындай жарқылдап 2013 жылы ел чемпионы болуға септігін тигізген. Ақтөбік командада 123 матчқа қатысып, 25 гол соққан. <br />Былтырғы ел біріншілігінде 29 кездесуге қатысып, 16 гол соқты. <br />Ұлттық құрама сапында 6 кездесуге қатысқан. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или