Мақсат Байжанов мансабын «Атырауда» жалғастырады
Еліміздегі аса тәжірибелі жартылай қорғаушылардың бірі Мақсат Байжанов мансабын «Атырау» сапында жалғастырады.
35 жастағы ойыншы Қазақстан премьер лигасындағы дебютін 2002 жылы өткізген. Содан бері ел чемпионатында 424 матч өткізіп, 44 гол соқты.
Ардагер ойыншы өткен маусымда «Қайсарда» (210 матч, 26 гол) өнер көрсетті. Ол қызылордалық клубтан бөлек, «Ертіс» (19 матч), «Локомотив» (19 матч), «Ақтөбе» (3 матч), «Жетісу» (13 матч, 1 гол), «Атырау» (25 матч, 5 гол) «Шахтер» (135 матч, 12 гол) командаларында доп тепкен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или