«Атырау» Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынында бес жолдастық матч өткізеді

«Атырау» Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынында бес жолдастық матч өткізеді

«Атырау» ФК Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынының аясында жолдастық кездесулердегі қарсыластарын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 қаңтарда атыраулықтар «Спартак-2» командасымен сынақ матчын өткізеді. Айта кетейік, басында дәл осы күні «Нефтехимикке» қарсы ойын өткізілуі керек еді. 2 ақпанда «Атырау» косоволық (Гнилане) «Дритамен» ойнайды. Келесі қарсылас - <span>«Кабел» ФК</span> (Нови Сад, Сербия). Бұл матч 6 ақпанда өтеді. 9 ақпанда қазақстандық клуб Босниялық <span>«Челикке»</span> (Зеника) қарсы алаңға шығады. Екінші ОЖЖ аясындағы соңғы ойын 13 ақпанда - армяндық «Ноамен» (Ереван) өтеді.

ОЖЖ 24 қаңтар мен 14 ақпан аралығында жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или