Макс Эбонг – «Астана» ойыншысы атанды

Макс Эбонг – «Астана» ойыншысы атанды

Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Макс Эбонг Португалияда толық медициналық тексеруден өткеннен кейін «Астана» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды.

20 жастағы футболшы кәсіби мансабын «Шахтер» (Солигорск) сапында бастап, 2018 жылдың 11-ші наурызы күні алғашқы ойынын өткізген.

Кеншілер сапында Беларусь Кубогының иегері атанған.

Макс өзінің жастығына қарамастан, Беларусь құрамасына жиі шақырту алып, Уэльс және Нидерланды құрамаларына қарсы екі кездесуде алаңға шығып үлгерген.

Эбонг Беларусь жастар құрамасы сапында 9 ойын өткізіп, 1 гол соққан.

Жартылай қорғаушы «Астанамен» төрт жылдық келісімшартқа қол қойды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или