РЕСМИ: Тигран Барсегян «Астана» ойыншысы атанды
Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян Португалияда толық медициналық тексеруден өткеннен кейін «Астана» футбол клубымен келісімшартына қол қойды. Бұл туралы елордалық клуб ресми мәлімдеді.
<span>26 жастағы футболшы елорда командасы сапына ауысқанға дейін өз Отанында «Бананц», «Гандзасара», «Мика» және де македониялық «Вардар», сондай-ақ қызылордалық «Қайсар» сапында өнер көрсеткен.</span>
<span>Армениялық футболшы өткен маусымда өз командасымен Қазақстан Кубогын иеленіп, ел біріншілігінің үздік сұрмергендері қатарына енген болатын.</span>
<span>Тигран БарсегянАрмения құрамасы сапында 28 ойын өткізіп, 5 гол соққан. </span><span>Тигранмен келісімшарт 2 жыл мерзімге жасалды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или