Медведев пен Семак шұғыл кездесу өткізді

Медведев пен Семак шұғыл кездесу өткізді

22 қаңтарда «Зениттің» бас бапкері Сергей Семак пен клубтың бас директоры Александр Медведев кезектен тыс кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, тараптар шабуылшы Александр Кокориннің жағдайын талқылады.

Кездесудің нәтижелері туралы хабарланған жоқ.

Бұған дейін Медведев «Зенит»  Кокоринді осы маусымның соңына дейін Сочиге жалға беру туралы келісімге келгенін айтқан болатын.

Семак бұл шешімге наразылығын білдіріп, 28 жастағы шабуылшыға сенетінін баса айтты.

Сонымен қатар, маман оған «Аль-Увайнахқа» қарсы жолдастық кездесуде (10: 0) капитан дық белбеуді сеніп тапсырды.

Кокориннің өзі, оның агенті Кирилл Логиновтың айтуынша, «Зениттен» кеткісі келмейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или