Серікжан Мужиков – «Тобыл» ойыншысы

Серікжан Мужиков – «Тобыл» ойыншысы

Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиковпен еңбек шартын жасасты, деп жазады Prosports.kz.<span id="more-64181" />

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Серікжан мансабын талдықорғандық «Көксу» командасында бастаған. Жеті маусым бойы ол «Жетісудың» намысын қорғады. «Жетісу» сапында Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жартылай қорғаушы – Еуропа Лигасында «Жетісу» сапында гол соққан жалғыз футболшы.

2014 жылы ол «Астанамен» келісім-шартқа қол қойды. Елордалық клубта алты жыл бойы өнер көрсетіп, астаналықтармен бірге алты рет чемпионаттың алтын медалін жеңіп, кубок пен Суперкубокта озық шықты. 2015 жылы жалға алу құқығымен «Қайсар» құрамында өнер көрсетті.

Мужиков – ұлттық құраманың ойыншысы. Серікжан 23 матчқа қатысып, бір гол соққан.

Туған жылы: 17 маусым 1989 жыл<br />Бойы: 168 см<br />Салмағы: 65 келі<br />Алаңдағы орны: жартылай қорғаушы<br />Азаматтығы: Қазақстан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или