Нигерия құрамасының ойыншысы «Тобылға» ауысты

Нигерия құрамасының ойыншысы «Тобылға» ауысты

Қостанайдың «Тобылы» Нигерия құрамасының футболшысы Стивен Эземен еңбек келісімін жасасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Стивен мансабын Макурди қаласының «Лоби Старс» клубында бастаған. 2014 жылы қорғаушы «Саншайн Старс» командасына ауысты. Содан кейін ол «Ифеани Уба» және «Кано Пиларз» ұжымдарында өнер көрсетті.

Эзе өткен маусымда Еуропаға қоныс аударды. Болгарияның Пловдив қаласында жасақталған «Локомотив» командасымен келісім-шартқа қол қойды. Стивен 50-ден астам матч ойнап, Болгария Кубогын жеңіп алды.

Стивен Эзе – Нигерия ұлттық құрамасының ойыншысы. Африкалық ұлттар чемпионатының күміс жүлдегері атағы бар

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или