Қазақстандық футболшы Беларусь командасымен ОЖЖ аттанды
Қазақстандық футболшы Владислав Васильев мансабын Беларусь чемпионатында жалғастыра береді.
22 жастағы шабуылшы «Динамо-Брест» командасының Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алды. Команданың бас бапкері Сергей Ковальчук қазақстандық ойыншыға сенім артатынын жеткізген.
Оқу-жаттығу жиыны кезінде «Динамо-Брест» украиналық «Мариуполь» мен «Динамо» (Киев), словаквиялық «Слован» және ресейлік «Крылья Советов» командаларымен жолдастық матч өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или