«Астана Арена» төрт айға қайта жөндеу жұмысына жабылады
Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, ел чемпионы алдағы маусымның бірінші бөлігінде «Астана Арена» стадионында матч өткізе алмайды.
«Астана Арена» стадионы 120 күнге қайта жөндеу жұмыстарына жабылады. Стадионның жасанды төсеніші толықтай ауыстырылады деп күтілуде.
Айта кетейік, «Астана Арена» жылда маусымның шымылдығын ашатын Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін матчты қабылдайтын. Алайда биыл күтпеген жерде аталмыш ойын Қостанайдағы жабық алаңға ауыстырылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или