«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Түркия чемпионатына ауысты
31 жастағы «Қайраттың» экс-футболшысы Жерар Гоу Түркия чемпионатындағы «Қасымпаша» клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шабуылшының соңғы жұмыс орны Қытайдың <span>БСУ (2019 жылға дейін «Бейцзин Энтерпрайзес») клубы болған еді. Гоу Қытайдың екінші дивизионында 48 матч өткізген және 31 голдың авторы атанып, 7 нәтижелі пас берген. </span><span><br /><br />Еске сала кетелік, Жерар Гоу алматылық клуб сапында 2014-2017 жылдары ойнады. Премьер-лиганың 102 матчында 80, Еуропа лигасының 19 ойынында 11 гол соққан. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или