Еркін күрес

Римде өтіп жатқан турнирде балуандарымыз тағы үш медаль жеңіп алды

Римде өтіп жатқан турнирде балуандарымыз тағы үш медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Италияның Рим қаласында күрес түрлерінен рейтингілік турнир өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Аталған сында бақ сынап жатқан еркін күрестен Қазақстан командасының үш мүшесі медаль жеңіп алды.

Атап айтқанда, Нұрислам Санаев, Нұрболат Абдуалиев және Данияр Қайсанов жүлдегер атанды.

Санаев 61 келі салмақта күміс жүлдегер атанды. Финалдық шайқаста ол македондық Александр Чиртоактан жеңіліп қалды. Дәл осы салмақта белдескен Абдулиев қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар, Данияр Қайсанов та (74 келіге дейін) қола медаль иегері атанды.

Айта кетейік, кеше тағы бір балуанымыз Юсуп Батырмұрзаев (125 келіге дейін) қола жүлдегерлер атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер