Күрес

Эльмира Сыздықова Римдегі халықаралық турнирде Олимпиада чемпионынан ұтылды

news-banner7
mobile-news-top

Италияның Рим қаласында күрес түрлерінен Matteo Pellicone рейтингілік турнирі басталды.

Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан атынан екі балуан кілемге шықты. Бірінші жарыс күнінде әйелдер күресінен 57, 62, 68 және 76 келі салмақтағы балуандар өзара мықтыны анықтады.

76 келіде сынға түскен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова 1/8 финалда италиялық спортшыны жеңіп, келесі айналымда қытайлық Циан Жоудан ұтылды.

Жұбаныш белдесуінде эквадорлық Генезис Реаско Вальдезден басым түскен Сыздықова қола медаль үшін күрескен болатын.

Алайда, қазақстандық спортшы Олимпиада чемпионы, ресейлік Наталья Воробьевадан жеңіліп қалды. Нәтижесінде, жарысты 5-ші орынмен аяқтады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер