«Ақтөбе» төрт матчтық жеңіссіз сериясын тоқтатты

«Ақтөбе» төрт матчтық жеңіссіз сериясын тоқтатты

Футболдан Қазақстан чемпионатының 29-шы турындағы «Ақтөбе» мен қарағандылық «Шахтер» арасындағы матч алаң иелері үшін сәтті аяқталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Кездесудің жеңімпазы бірінші таймда анықталып қойғандай болды. Ақтөбелік ұжым сәт сайын шабуыл жасап, қарсыласының қақпасынан саңлау табуға тырысты. Екі мәрте қолдарынан келді де. Алексей Антоновтың дублі командалар үзіліске кетер тұста ел чемпионына үлкен басымдық алып келді.

Екінші таймда да «Ақтөбе» ұмтылыстарын тоқтатпады. Нәтижесінде 67-минутта Маркос Пиззели тоблодағы есепті 3:0-ге жеткізді. Бұған «кеншілер» 76-минутта Андрей Финонченконың дәл соққысымен жауап қатты. Алайда бұдан артыққа шамалары жетпеді.

Осылайша «Ақтөбе» төрт матчтан тұрған сәтсіздіктен кейін, алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ал «Шахтер» қатарынан сегізінші ойында ұпай жоғалтып отыр.

«Ақтөбе» - «Шахтер» 3:1 (2:0)

Голдар: 1:0 – Антонов 11, 2:0 – Антонов 41, 3:0 – Пизелли 67, 3:1 – Финонченко 76

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или