«Ақтөбе» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына аттанып кетті
Ойыншылар мен ақтөбелік жаттықтырушылар құрамы Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынына аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz, «ақ-қызылдардың» әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Команда шетелдік ОЖЖ–ын Түркияның Белек қаласында өткізеді. Оқу-жаттығу жиыны кезінде төрт жолдастық кездесу жоспарланған. Команда «Titanik» қонақүйінде орналасқан. ОЖЖ–ның екінші бөлігін «Miracle Resort» қонақ үйінде орналастыру жоспарланған.

Негізгі құрамның ойыншылары мен жаттықтырушыларынан бөлек, 25 футболшы және резервтік жаттықтырушылар құрамының 6 өкілі Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына аттанды. 25 ойыншының ішінен жаттықтырушылар негізгі құрамға лайықты аяқдоп шеберлерін іріктеуді жоспарлап отыр. Олардың көпшілігі 17-19 жас аралығындағы жас жігіттер.

ОЖЖ–ға аттанған футболшылар құрамы:
Тамабай Мухамбет, Ажимов Алишер, Таңжарықов Әділжан, Темірхан Рустам, Жасанов Есен, Шурыгин Антон, Сахибов Рустам, Саулет Ардақ, Абдукаримов Абильхан, Алдонгаров Алтынбек, Абухан Дастан, Әкімов Орынбасар, Бойчук Игорь, Дүйсенов Қанат, Еркінғали Нұржан, Чернышов Евгений, Қожағали Дастан, Нағашыбаев Алтынбек, Ситдиков Евгений, Назаров Әлішер, Нұрғали Тоқсар, Орналин Тәуіпбек, Сағынғалиев Батыржан, Сырлыбаев Ұлықбек, Рысқалиев Әділхан, Русланұлы Ислам, Сержан Алишер, Жардемов Алибек, Сабыров Қуаныш, Чванов Дмитрий, Шабикеев Артур, Мырзабаев Мырза, Абубакиров Данияр, Мусабаев Бекзат