«Астана» футболшылары Португалияға ОЖЖ-на аттанды
Бүгін «Астана» футбол клубының бапкерлер құрамы мен ойыншылары Португалияға оқу-жаттығу жиынына аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстанның алты дүркін чемпиондарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Оқу-жаттығу жиыны 10 ақпанға дейін жалғасып, осы жиын барысында елорда командасы даниялық «Копенгаген», «Брондбю», «Аархус», швециялық «Норчеппинг», «Хаккенн», чехиялық «Славия» және норвегиялық «Велеренга» командаларымен бір қатарда «Атлантик Кап» халықаралық турнирінде бақ сынайды.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;"><span>«Астана» футболшылары оқу-жаттығу жиынына төмендегі құраммен аттанды: </span></span>
Қақпашылар: Ненад Эрич, Дмитрий Непогодов, Станислав Павлов;
Қорғаушылар: Дінмұхамед Кашкен, Антонио Рукавина, Евгений Постников, Жарко Томашевич, Дмитрий Шомко, Лука Шимунович, Сергей Малы, Абзал Бейсебеков, Марат Быстров;
Жартылай қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Иван Маевский, Юрий Перцух, Рунар Мар Сигурионссон, Дорин Ротариу, Марин Томасов, Дидар Жалмукан, Сұлтан Сагнаев, Фирмин Мубеле;
Шабуылшылар: Алексей Щеткин, Владислав Прокопенко, Рамазан Каримов.