Сергей Хижниченко «Ордабасы» сапына қосылды

Сергей Хижниченко «Ордабасы» сапына қосылды

Қазақстандық шабуылшы Сергей Хижниченко Шымкенттің «Ордабасымен» келісімшартқа отырды. Бұл туралы команданың бас жаттықтырушысы Кахабер Цхададзе Prosports.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

28 жастағы ойыншымен қандай мерзімге келісімшартқа қол қойылғаны белгісіз:

- Бұл сұрақ маған емес, команданың басшылығына қатысты. Хижа оралғанына қуаныштымын. Ол өзін жақсы жағынан көрсетеді деп үміттенемін», - деді грузин бапкері.

Еске салайық, «Ордабасы» сапынан бес ойыншы кеткен еді: Дмитрий Непогодов, Сергей Малы, Марат Быстров, Алексей Щеткин және Темірлан Ерланов. Хижниченко маусымаралық үзілісте шымкенттіктер қатарына қосылған алғашқы футболшы болды.

Хижниченко бұған дейін 2018 жылы «Ордабасы» сапында ойнаған еді. Өткен маусымды ол елордалық «Астана» құрамында өткізді. Сергей сонымен қатар «Шахтер», «Тобыл», «Ақтөбе», польшалық «Корона» және Беларусьтің «Шахтер» командаларында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или