«Тобол» Армения құрамасының ойыншысын қатарға қосты

«Тобол» Армения құрамасының ойыншысын қатарға қосты

Қостанайлық «Тобол» Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Петрос Аветисянмен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 жастағы футболшы мансабын 2014 жылы Ереванның «Бананц» клубында бастаған. Бұл команда сапында екі жыл өнер көрсетіп, ел кубогы мен Суперкубокты жеңіп алды. 2016 жылы ол «Пюникке» ауысып, онда екі маусым ойнады. Петростың соңғы клубы «Арарат-Армения» болды. Бұл команда сапында Суперкубокпен қатар, ел чемпионатын да жеңіп алды.

Ал ұлттық құрамада сапындағы дебюттік ойыны былтыр өтті. Өз елінің бас командасы сапында Аветисян 5 матч өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или