«Қайсарға» грузиялық шабуылшы ауысып келді
Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы грузин шабуылшысы Элгуджа Лобжанидземен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.
27 жастағы Лобжанидзе былтыр «Тараз» сапында өнер көрсетті. Премьер-лигада 2019 жылы ол 24 матч өткізіп, сегіз гол соқты және бір нәтижелі пас берді.
Бұған дейін шабуылшы өз елінде «VIT Джорджия», «Шукуру», «Динамо», «Металлург» командаларында, Ресейде «Оренбург» сапында доп тепкен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или