«Ертістің» қатары жаңа ойыншымен толықты

«Ертістің» қатары жаңа ойыншымен толықты

Павлодарлық «Ертіс» грузиялық шабуылшы Леван Куталиямен келісім жасасқандығы жайлы ресми түрде мәлімдейді.

30-жасар форвард кәсіби мансабын «Мглеби» ФК бастап, 2008 жылы Босния және Герцеговина елінің басты чемпионатында өнер көрсететін «Славия» ұжымына ауысады, екі жылдан кейін сол біріншіліктің өзге құрамасы «Зриньски Мостар» клубының қатарына қосылады. 2012 жылы туған еліне оралып «Баия»,«Зугдиди», «Зестафони», «Шукура», «Мерани» және «Одиши 1919» командаларында ойнаған.

2017 жылы шабуылшы Кутаиси «Торпедосының» қатарына қосылып, алғашқы рет ел чемпионы атанды. Ал 2018 жылы оның соңғы минуттардағы шешуші голы арқасында команда Грузия Суперкубогына ие болып, сол жылы клуб ел біріншілігінің қола жүлдесі мен Грузия Кубогын қанжығаларына байлаған. 2019 жылы Леван Тбилисиялық «Динамо» сапына ауысып, чемпионат аясында 33-матчқа қатысып, 20 гол соғып, үздік сұрмерген атанып қана қоймай, командамен бірге екінші чемпиондық атағына қол жеткізген.

Леванға қош келдің дейміз! Біздің павлодарлық клубымыздың сапында нәтижелі ойындарың мен жеңістерің көп болғай!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или