Пиззели мансабын аяқтады

 Пиззели мансабын аяқтады

Армения құрамасы мен «Ақтөбе» клубының бұрынғы ойыншысы Маркос Пиззели мансабын аяқтады.

35 жастағы футболшы биылғы маусымды «Арарат-Армения» командасында бастауы қажет болған. Алайда Бразилияда жаттығу жасап жүрген Маркос Пиззели ауыр жарақат алған. Операция жасаудан бас тартып, мансабын аяқтауды шешті.

Армениялық футболшы мансабында еревандық «Арарат», «Пюник», донецктік «Металлург», краснодарлық«Кубань», «Краснодар», қазақстандық «Ақтөбе», сауд арабиялық «Аль-Раед», «Аль-Шабаб», БАӘ-нің «Аль-Фуджайра», грекиялық «Ксанти» командаларында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или