Исламбек Қуатты командаластары құттықтады
Қазақстан құрамасының ойыншысы Исламбек Қуатты жаңа командасындағы әріптестері ресми қатарға қосылуымен құттықтады.
– Жаңадан келген және туған күндері демалыс күндері болған футболшылар құттықтау дәлізінен өтті. Тіпті, жаңа бас бапкерді де құттықтады, - деп жазды «Орынбор» әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, Исламбек Қуат «Орынборға» биылғы жылдың алғашқы күні қосылды. Ол жаңа командасында 23-ші нөмірмен өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или