«Қайсарға» қаралымға жаңадан келген ойыншылар алғашқы жаттығуға қатысты
Түркияның Анталия қаласында оқу-жатығу жиынын өткізіп жатқан қызылордалық «Қайсар» сапына үш жаңа футболшы қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызылордалық командаға португалиялық Нани, Мозамбик құрамасының ойыншысы Режиналдо Файфе және украиналық қорғаушы Ризван Аблитаров қосылды. Бұл үш футболшы «қасқырлардың» бас бапкері Стойчо Младеновтың сеніміне кіруі тиіс.
Таңертеңгілік жаттығу әдеттегі жүгірумен басталды, ал түстен кейін ойыншылар техникалық және тактикалық дайындық бойынша тәжірибе жинайды.
Фото fckaysar.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или