Қазақстандық команда мәскеулік «Динамо» қақпашысына көз тікті

Қазақстандық команда мәскеулік «Динамо» қақпашысына көз тікті

Ресейлік басылым «Чемпионатқа» белгілі болғандай, мәскеулік «Динамо» қақпашысы Александр Шепляковқа қазақстандық «Оқжетпес» және армяндық «Пюник» қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

23 жастағы Шеляков - Смоленск футболының түлегі. Қақпашы «Днепр» U19, ЦРФСО «Смоленск» және «Ахмат» клубтарында ойнады. Ол «Динамоға» 2019 жылдың қыркүйегінде еркін агент ретінде қосылды. Осы маусымда Шепляков Ресей Премьер-лигасында бірде-бір матч өткізбеді.

Айта кетейік, жақында көкшелік команданың бас бапкері Андрей Карповичтің өз орынында қалғаны мәлім болған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или