ММА

Өзбекстан азаматы Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізгісі келеді

Өзбекстан азаматы Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізгісі келеді
news-banner7
mobile-news-top

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиевке жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жек ұйымдастырып беру туралы өтініш түсті.

Бұхара облысының тұрғыны бұған дейін жекпе-жек өткізбегенін айтып, ел президентінен көмек сұраған. Әзірге оның қандай мақсатпен мұндай өтініш жасағаны белгісіз.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов аралас жекпе-жекте жеңіліс дәмін татпаған спортшы. Ол Ресеймен қатар Орта Азияда танымал спортшылардың тізіміне кіреді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер