«Ордабасы» жаттығу жиынын 10 қаңтарда бастайды
Prosports.kz тілшісіне белгілі болғандай, «Ордабасы» футбол клубы алғашқы оқу-жаттығу жиынын Шымкентте өткізеді.
Команда 10 қаңтарда БИIK спорт базасында жиналады.
Айта кетейік, «Ордабасы» өткен маусымда ел чемпионатында үшінші орынға жайғасып, Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды.
Алайда, 2019 жылдың соңында УЕФА шымкенттік клубты қарыздарына байланысты еурододан шеттеткені жайлы ақпарат тарады. Бірақ бұл ақпаратқа клуб қарсы пікір білдірген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или