«Астана» футбол клубына жаңа спорт директоры тағайындалды
«Астана» футбол клубының жаңа спорт директоры болып Ғани Қайназаров тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.<br />Ғани Әділханұлының футбол шаруашылығындағы тәжірибесі мол. Футболшы ретінде Жамбылдың «Химигінде», алматылық «Қайратта», «Таразда» және Қазақстан ұлттық құрамала жейдесін киген.
Футболшы мәнсабымен қош айтысқаннан кейін ол «Тараз» футбол клубында, сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясында басқарушылық қызметтерде жұмыс істеді, ұзақ уақыт Ұлттық құрамалар департаментін басқарды.
Бұған дейін спорт директоры қызметін атқарған Нұркен Мазбаев клуб құрылымында жұмыс істеуді жалғастыра береді делінген аталмыш сайтта.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или