Сағадат Тұрсынбай «Тобылға» ауысты

Сағадат Тұрсынбай «Тобылға» ауысты

Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Сағадат Тұрсынбай қостанайлық «Тобыл» командасына ауысты, деп деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қостанайлық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сағадат мансабын шымкенттік «Ордабасыда» бастаған. Қорғаушы Премьер-лигадағы дебюттік ойынын 2017 жылы өткізді.

Былтыр қорғаушы «Ертіс» сапында өнер көрсетті. Павлодарлық клуб сапында Тұрсынбай 13 ойын өткізді.

Сонымен қатар, Сағадат еліміздің жастар құрамасында 6 матчқа қатысты.

Сағадат Тұрсынбай

Туған жылы: 26 наурыз 1999 ж<br />Бойы: 191 см<br />Салмағы: 76 келі<br />Алаңдағы орны: қорғаушы<br />Азаматтығы: Қазақстан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или