Ресми: Ерланов Темірлан - «Тобыл» ойыншысы
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерланов «Тобыл» командасына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, қорғаушымен келісімшарт 2020 жылдың соңына дейін жасалған.
26 жастағы футболшы мансабын қаскелеңдік «Сұңқар» сапында бастаған. 2013 жылы Ерланов «Востокқа» ауысып, онда отызға жуық матч өткізді.
2016 жылы Термірлан «Ордабасының» жейдесін киді. Шымкенттік клуб сапында ол 70-тен астам матч өткізді. Дәл осы команда сапында ел чемпионатының қола жүлдегері атанды. Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне қатысып, гол соқты.
Сонымен қатар, Ерланов Қазақстан ұлттық құрамасында 7 матч өткізіп, бір гол соқты.
Темірлан Ерланов
Туған жылы: 1993 жылы 9 шілде
Бойы: 189 см
Салмағы: 81 келі
Позиция: қорғаушы
Азаматтығы: Қазақстан