«USM Arena деп атауға болады ғой». Әлішер Усманов тағы бір ағылшын клубын қаржыландырмақ

«USM Arena деп атауға болады ғой». Әлішер Усманов тағы бір ағылшын клубын қаржыландырмақ

Бұған дейін лондондық «Арсеналдың» үлесін иеленген ұлты өзбек ресейлік кәсіпкер Алишер Усманов тағы бір ағылшын клубы - «Эвертонды» қаржыландыруға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. Сhampionat.com сайтына сілтеме жасап.

 

«Мен «Эвертонның» бақылау пакетіне ие Мошириге қосылғым келеді. Егер ол өтінсе қуана келісемін. Мен осы клубқа қаражат салуды ойлап отырмын. Мен «Арсеналдан» да бас тарта алмаймын. Жанкүйер ретінде мен әрдайым бұл клубты қолдаймын. Егер мен «Эвертонға» қосылсам, оның футболкасын киемін, өйткені мен кәсіпқоймын.

 

Олар жаңа стадион салмақшы. Неге оны USM Arena деп атауға болмайды? Менің өзіме қатысудың қажеті жоқ. Мен оларға демеушілік жасай аламын.

 

Мен «Арсеналды» жақсы көремін, бірақ мен олармен жетістікке жете алмадым. Мен енді не істей аламын? Бірақ мен Арсенал менсіз көп нәрсе жоғалтты деп санаймын», - деді Усманов The Financial Times газетінің тілшісіне.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или