"Ақтөбе" футбол клубы жаңа ойыншыларды әлеуметтік желі арқылы іздеуде

"Ақтөбе" футбол клубы жаңа ойыншыларды әлеуметтік желі арқылы іздеуде

Әлеуметтік желілерде "Ақтөбе футбол клубының негізгі және қосалқы құрамына ойыншыларды іріктеу жүргізіп жатқандығы туралы хабарландырулар тарауда, деп хабарлайды prosports.kz ақтөбеліктердің вк- группасына  Ақтөбе ФК  сілтеме көрсете отырып.

Барлық үміткерлерді алғашқы алдын-ала іріктеуге шақырамыз делінген хабарландыруда. Бірінші іріктеу кезеңі 2020 жылдың 9-14 қаңтар аралығында  Ақтөбе қаласында өтеді. 

Қазақстанның кез-келген аймағынан , алыс жақын шет елдерден болсын ұсыныстар қаралады деп хабарлайды клубтың баспасөз хатшылығы. 

Естеріңізге салатын болсақ "Ақтөбе" футбол клубы премьер-лигадан ұшып кеткен болатын. Енді келесі маусымда бірінші лигада өнер көрсетеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или