Күрес

Азия Күрес кеңесі 2019 жылдың үздіктерін таңдады

Азия Күрес кеңесі 2019 жылдың үздіктерін таңдады
news-banner7
mobile-news-top

Азия Күрес кеңесі 2019 жылдың қорытындысын шығарды. Онда әр стильдегі үздік балуандар, үздік жаттықтырушылар және «Ең белсенді ұлттық федерация» жарияланды. Олар әлем чемпионатында, Азияда және Біріккен күрес әлемінің рейтингтік турнирлерінде жиналған ұпайлар мен ұпайлар негізінде анықталды. Осыған орай Prosports.kz кіл мықтыларды назарларыңызға ұсынады.
Айта кету керек, бұл шешім Сианьдегі (Қытай) Біріккен күрес Азияның Бас ассамблеясында Азия Күрес кеңесінің президенті Дәулет Тұрлыхановтың бастамасымен Азия құрлығында күресті кеңінен насихаттау және дамыту мақсатында қабылданды.


Грек-рим күресінен «Жылдың үздік балуаны» номинациясында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Шинобу Ота (Жапония) сөзсіз жеңіске жетті. Жыл қорытындысы бойынша Шинобу Ота 90 ұпай жинады. Ол Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатын жеңіп алды, Загребте (Хорватия) және Минскіде (Беларусь) өткен рейтингтік турнирлерде 63 келі салмақта чемпион болды. Екінші және үшінші орын - тиісінше Корея балуандары Рю Хан Су және Ким Хён Вуға бұйырды.
Еркін күрестен «Жылдың үздік балуаны» номинациясының жеңімпазын анықтау қиынға соқты. Осы номинация бойынша екі үміткер ұпайды тең (90) жинады. Бұлар планетаның күміс жүлдегерлері және Азия чемпиондары Нұрқожа Қайпанов (70 келі) және Иран Ислам республикасынан Алирез Каримимачиани (92 келі) болатын.

Екі балуан да Сассари қаласында өткен (Италия) рейтингтік турнирде жеңіске жетті. Ең мықты еркін күрес шеберін анықтау үшін келесі критерий ескерілді: басқа маңызды жарыстардағы жеңіс және Әәем чемпионатына қатысушылардың салмақ дәрежелері бойынша жалпы саны.


Егер осы жылы Алиреза Каримимачиани клубтық әлем чемпионатын жеңіп алса, онда Нұрқожа Қайпанов Сианьде (Қытай) өткен Дүниежүзілік әскери ойындардың күміс жүлдесін жеңіп алды. Нұр-Сұлтанда өткен лицензиялық әлем чемпионатына 92 келі салмақта 18 спортшы, 70 келіге дейін 30 балуан қатысты. Бұл фактор ең үздік еркін күрес балуанын анықтауда үлкен маңызға ие болды.
Нәтижесінде, еркін күрестен «Жылдың үздік балуаны» номинациясында қазақстандық жас балуан Нұрқожа Қайпанов жеңіске жетті. Екінші орында - Алиреза Каримимачиани, үшінші орында - 80 ұпай жинаған әлемнің екі дүркін жүлдегері Байран Пуниа.
Әйелдер күресінде «Жылдың үздік балуаны» номинациясында қытайлық Ниннинг Ронг (90 ұпай) жеңімпаз атанды. Биыл ол Әлем кубогының күміс жүлдесін жеңіп алды, Азия чемпионаты мен Болгариядағы рейтингтік турнирде жеңімпаз атанды. Ал екінші және үшінші орынды өз мемлекеттерінің тарихында тұңғыш рет әлем чемпиондары атанған Қырғызстанның балуан қызы Айсұлу Тыныбекова (85 ұпай) және солтүстіккореялық Юн Ми Пак (80 ұпай) еншіледі. Айта кету керек, екі спортшы да Біріккен күрес әлемінің нұсқасы бойынша «тарихта аты қалғандар» номинациясында үздік деп танылды.


Грек-рим күресіндегі «жылдың үздік жаттықтырушысы» номинациясында Иран құрамасының бас жаттықтырушысы, аты аңызға айналған Мұхаммед Бана жеңімпаз атанды. Ирандық грек-рим балуандары әлем чемпионатында үш қола және үш олимпиадалық лицензия жеңіп алды, құрлық біріншілігінде төрт алтын және үш қола еншіледі.

Еркін күрестен «жылдың үздік жаттықтырушысы» номинациясында Иран Ислам Республикасының өкілі, бұрынғы танымал балуан (әлем кубоктарының төрт дүркін жеңімпазы), ал қазір Иран құрамасының бас жаттықтырушысы Мохаммади Голамреза да жеңіске жетті. Биыл еркін күрестен Иран ұлттық құрамасы Азия чемпионатында басым түсіп, жеті алтын және үш қола жеңіп алды.

Әйелдер күресіндегі «Жылдың үздік жаттықтырушысы» номинациясында Жапония құрамасының бас жаттықтырушысы Томияма Такада жеңіске жетті. Нұр-Сұлтанда (Қазақстан) өткен әлем чемпионатында әйелдер күресінен Жапония құрамасы бір алтын, үш күміс және екі қола жеңіп алды. Ал құрлық біріншілігінде төрт алтын, бес күміс және бір қоланы қанжығаға басты.
«Ең белсенді ұлттық федерация» номинациясында Нұр-Сұлтан қаласында ересектер арасында лицензиялық әлем чемпионаты мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатын өткізген Қазақстан ұлттық федерациясы жеңіске жетті.
Барлық жеңімпаздар Біріккен күрес әлемі Азияның бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Түпнұсқасы: http://uww.asia/ Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер