АПЛ. «Челси» «Арсеналдан» жеңісті жұлып алды

АПЛ. «Челси» «Арсеналдан» жеңісті жұлып алды

Ағылшын чемпионатының 20-шы турында Лондон қаласының қос командасы «Челси» мен «Арсенал» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

«Эмирейтс» стадионындағы кездесудің 13-ші минутында Пьер-Эмерик Обамеянг есеп ашты. Алайда матчтың аяқ жағында «Челси» жеңісті жұлып алды. Қақпашы Бернд Леноның қателігінен кейін Жоржиньо есеп теңестірсе, қарымта шабуыл кезінде Тэмми Абрахам мергендік танытты. 

АПЛ. 20-тур

«Арсенал» - «Челси» - 1:2

Голдар: Обамеянг, 13 (1:0), Жоржиньо, 83 (1:1), Абрахам, 87 (1:2)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или