Роналду ең маңызды жүлдесі туралы айтты
Туриндік «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кәсіби мәнсабында жеңіп алған титулдарының қайсысы ең бағалы екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. Goal.com сайтына сілтеме жасап.
Футболшы 2016 жылы Португалия құрамасымен бірге жеңіп алған Еуропа чемпионатының кубогы өміріндегі ең маңызды сәт екенін айтады. Сол түні оның күлгені, жылап айқайлағаны және мас болғаны есіне түсті. «Мен қалжыңдап тұрған жоқпын! Матчтан кейін, мереке кезінде мен бір стакан шампан ішіп, бірден мас болдым. Мен ішпеймін, бірақ бұл күн ерекше болды», - дейді Роналду.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или