«Қайраттың» қарсыластары анықталды

«Қайраттың» қарсыластары анықталды

«Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі Түркияның Белек қаласында өтетін оқу-жаттығу жиыны аясында өтетін жолдастық матчтардың тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

«Қайрат» ФК үш оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бірінші жаттығу процесі мен бақылау матчтары үшін барлық жағдай жасалған клуб базасында өтеді. Ол үшінші-он жетінші қаңтар аралығында өтеді.

Екінші ОЖЖ-нын команда он сегізінші-отызыншы қаңтар аралығында Түркияның Белегінде өткізеді. Екінші жиын кезінде төрт жолдастық кездесу өтеді. Екі спарринг польшалық «Легиямен» өтеді. Сондай-ақ Алексей Шпилевскийдің шәкірттері киевтік «Динамоға» және болгарлық «Лудогорецке» қарсы ойнайды.

Үшінші жиынды «сары-қаралар» тағыда Белекте өткізеді. Үшінші ОЖЖ бойынша біздің қарсыластарымыз словендік «Копер», мәскеулік «Динамо», украиндық «Днепр-1», сондай-ақ санкт-петербургтік «Зенит» болады. Бесінші қарсылас кейінірек анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или