«Астанаға» жаңа ойыншы келді
Елордалық «Астана» 26 жастағы ойыншы Тигран Барсегянды қатарына қосты.
Өткен маусымды «Қайсарда» өткізген Тигран Барсегян 29 матчта 12 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Оның «Астанаға» ауысқаны жайлы әріптесі Братислав Пуношевац Instagram-парақшасында мәлімдеді.
«Құтты болсын, бауырым. Сенімен бір командада ойнағаныма қуаныштымын. «Астанада» сәттілік тілеймін, — деп жазды футболшы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или