Ибрагимович «Миланға» оралуға келісті

Ибрагимович «Миланға» оралуға келісті

Шабуылшы Златан Ибрагимович «Миланға» оралуға келісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, 38 жастағы швед футболшысы миландық клубпен маусым соңына дейін келісімшартқа отырады. Келісімге ертең қол қойылуы мүмкін.

Еске салсақ, Ибрагимовичтің соңғы клубы «Лос-Анджелес Гэлакси» болды.

Айта кетейік, Ибрагимович «Миланда» 2010 жылдан 2012 жылға дейін ойнап, команда құрамында Италия чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или