«Астана» бас бапкерімен қоштасады
«Астана» футбол клубының бас бапкері Роман Григорчук жыл соңына дейін қызметінен кетеді.
Украиналық жаттықтырушының елордалық клубпен тағы бір жылға жарамды келісімшарты бар. Бірақ клуб келісімшартты бұзып, бапкерге айыппұл төлеуге дайын отыр.
Роман Григорчуктың жетекшілігімен «Астана» өткен маусымда Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтіп, Премьер лиганың алтыншы мәрте чемпионы атанды.
Отандық ақпарат құралдарының жазуынша, елордалықтардың келесі бапкері Қазақстанда жұмыс істеген тәжірибесі бар шетелдік маман болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или