Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: «Ливерпуль» финалға шықты
Қатарда өтіп жатқан клубтар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында англиялық «Ливерпуль» мексикалық «Монтеррей» командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еуропа чемпиондар лигасының жеңімпазы Солтүстік Америкадан келген клубты қиындықпен жеңді. Чемпиондар лигасының жартылай финалында үздік өнерімен көзге түскен Александер-Арнольд ойын аяқталуға аз қалғанда жеңісті голды соқты.
«Монтеррей» (Мексика) – «Ливерпуль» (Англия) - 1:2 (1:1)
Гол соққандар:<span> </span>Кейта 11 (0:1), Мори 14 (1:1), Александер-Арнольд 90+1 (1:2)
Айта кетейік, 21 желтоқсанда Дохада өтетін финалда «Ливерпуль» Оңтүстік Американың Либертадорес Кубогының жеңімпазы бразилиялық «Фламенгомен» кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или