Әлем футболы

«Арсенал» футболшысы: Қытайдағы жағдайға мұсылмандар бей-жай қарап отыр

«Арсенал» футболшысы: Қытайдағы жағдайға мұсылмандар бей-жай қарап отыр
news-banner7
mobile-news-top

Лондондық «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Месут Озил Туиттердегі парақшасында Қытайдағы ұйғырларды қудалау туралы үндемейтін мұсылмандарды сынға алды, деп жазады Prosports.kz.

«Шығыс Түркістан - бұл Ислам үмбетінің қансыраған жарасы. Ұйғырлар - қудалауға қарсы тұратын жауынгерлер, адамдарды Исламнан алыстататындарға қарсы жалғыз тұратын даңқты діндарлар.

Қытайда Құран өртелді, мешіттер мен исламдық теологиялық мектептер жабылды, медреселерге тыйым салынды. Дін қайраткерлері бірінен соң бірі өлтірілді. Осыған қарамастан, мұсылмандар үнсіз отыр.

Олар қудалауға келісім беру - қудалау екенін білмей ме? Ардақты Әли, Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы: «Егер сіз қудалаудың алдын ала алмасаңыз, оны әшкере етіңіз деген», - деп жазды Өзіл.

Айта кетелік, әлемдік қауымдастық Қытайды ұйғырларға қарсы репрессиялық саясат жүргізді және олардың діни және мәдени құқықтарын шектеді деп айыптайды. Қытайдың Шыңжаң аймағында шамамен 10 миллион ұйғыр (халықтың 45%) тұрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер