Григорий Бабаян «Тобылдың» тізгінін ұстады

Григорий Бабаян «Тобылдың» тізгінін ұстады
news-banner7
mobile-news-top

Қостанайлық «Тобыл» клубы қазақстандық маман Григорий Бабаянмен келісімшартқа отырды.

– Бүгін Қазақстанның ең үздік жаттықтырушысының бірі Григорий Бабаянмен келіссөз жүргіздік. Жанкүйерлер оны «Астанадағы» жұмысынан бері жақсы таниді. Ол тек Станимир Стоиловтың ғана емес, Мирослав Беранек, Олег Протасов пен Роман Григорчуктың көмекшісі болған.

Ол Қазақстан футболын ішінен жақсы білетін санаулы мамандардың бірі. Бүгін келісімшартқа қол қойдық. Сондықтан Григорий Бабаянды «Тобылдың» жаңа бас бапкері деп айтуға толық негіз бар, - деп мәлімдеме жасады қостанайлық клуб.

Айта кетейік, Григорий Бабаян «Астананың» тізгінінде 2018 жылғы Қазақстан чемпионатын жеңіп алған болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер