Юрий Красножан: «Матчқа дейін жеңіліске көну – дұрыс емес»

Юрий Красножан: «Матчқа дейін жеңіліске көну – дұрыс емес»

Юрий Красножан, Андрей Карпович және Азат Нұрғалиевтің қатысуымен болған баспасөз мәслихаты.

Андрей Карпович:

«Қайырлы кеш. Бәріміз де матчты күтіп жүрміз. Бұл барлығы үшін де мейрам деп ойлаймын. Біз жақсы дайындалдық, қарсыласымыздың деңгейін білеміз. Бұл жаққа ұпай алып кету үшін келдік.

Жеке өзім үшін кіммен ойнау маңызды емес. Әр ойында өз күшіңді көрсетуің керек, осы жеткілікті.»

Азат Нұрғалиев:

«Қайырлы кеш. Бізді қиын матч күтіп тұрғанын айтқым келеді. Ол өте қызық болады. Бас бапкеріміз айтпақшы, біздің мүмкіндігіміз бар, соны жіберіп алмауға тырысамыз. Әрине, ертең әдемі ойын өрнегін көрсетіп, Голландия құрамасынан ұпай тартып алғымыз келеді.»

Юрий Красножан:

– Жақсы нәтиже күтемін. Біздің мүмкіндігіміз бар. Матчқа дейін жеңіліске көну – дұрыс емес. Сондықтан бізде мүмкіндік бар деп ойлаймын.

– Командаңызда жарақаттанғандар көп пе?

– Иә. Бірақ мұны айтып шағымданбаймыз. Құрамда шамалы қиындықтар боп тұр. Жігіттердің жарақаттанып қалғандары өкінішті. Алайда мұның жақсы тұстары да бар – басқа ойыншыларға мүмкіндік туады.

– Хунтелаардың айтуынша, оның командасы тез гол соғып алып, матчты қалыпты аяқтау керек.

– Біздің стратегиялық жоспарымыз керісінше – матчтың басында гол жібермеу.

– Капитандық міндет кімге табысталады?

– Біздің капитандарымыз бар. Бұған дейін таңдаған төрт капитанымыздың ертең қайсысы алаңға шығады, сол болады.

– Сіз өте босаңсып отырсыз. Бірақ бұл Латвия емес, Нидерландыға қарсы кездесу ғой.

– Матчқа дейін ешкімнің жеңілетін ойы жоқ. Бұл – ойыншылардың өзін көрсетуіне мүмкіндік. Ертең өте қиын матч болады, сондықтан эмоцияны да сақтап қою қажет.

– Хиддинк команданың құрамын айтып берді. Сіз де айта аласыз ба? Команда ертеңгі матчқа қандай стратегия таңдайды?

– Құрамға келер болсақ, біраз қиындықтар бар. Дәрігерлер шешімін шығарған соң, құрамды анықтаймын.

Стратегия бойынша: Нидерланды командасы біздің құрамадан мықты. Дегенмен голландиялықтардың әлсіз тұстары да бар, соны пайдалануымыз керек.

– Хиддинктің айтуынша, оның командасы әлем чемпионатында көп эмоция жіберді. Нәтижесінде команда ұпай жоғалтып алды.

– Иә, Хиддинк өз футболшыларын көреді, ал мен оның шәкірттерін көрмеймін ғой, сондықтан бұл туралы айту қиын. Алайда мундиальде кеткен эмоция емес, Голландия құрамасына Роббеннің болмауы қиын болған секілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или