Мәлік Кушалиев: «Сайқымазаққа айналған чемпионатқа қатысып жатқанымыз біз үшін ұят болар»

«Қайрат» футбол клубының төрағасы Мәлік Кушалиев арнайы баспасөз мәслихатында футболдан ел біріншілігінің 28-ші туры аясындағы «Астана» мен «Ақтөбе» кездесуіндегі шикілікке байланысты сөз қозғалды. Естеріңізге сала кетсек, «Астана-Аренада» өткен ойын 6:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілген.

- Малік Болатұлы, «Астана» командасы «Ақтөбеге» Қазақстан кубогының финалына шығу үшін көмектесіп жіберді деген сыбыс тарады…

- Бұл жайлы естідім. Алайда ешкім дәлел келтіре алмайды деп ойлаймын. «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» деген сөз бар. Матчтың келісім бойынша өткені белгілі болса сайқымазаққа айналған чемпионатқа қатысып жатқанымыз біз үшін ұят болар.

- 28-ші турдағы «Астана» - «Ақтөбе» арасындағы кездесуді көрген боларсыз. 6:1 есебімен аяқталған мачт жайлы пікіріңіз қандай?

- Бұл ойында ешқандай тартысты байқамадым. Ел кубогы аясындағы кездесу де солай өткен. Ақтөбе қаласында өтетін алдағы кездесу қалай аяқталатыны қызық мен үшін. Қазақстан чемпионатында не боп жатқаны сол ойыннан кейін белгілі болады.

- Қазақстан футбол Федерациясының назарын осы мәселеге аудару үшін «Қайрат» клубы әрекет етіп жатыр ма?

- Кәсіпқой футбол лигасының кеңесінде бұл мәселені талай көтергенбіз. Алайда бұл орган ешқандай жұмыс істемейді. Лига кеңесі - ҚФФ-ға шағымданып мәселені атқарушы коммитеттің қарауына ғана өткізе алады, болды.

- Чемпионат аяқталғанға дейін «Астанамен» екі рет кездесесіздер. Төрешілердің жұмысын жіті бақылайсыз ба?

- Әрине, әрбір мәселеге мұқият қараймыз. Қазылық «әділ, таза» болсын деп былтырғы жылы «Қайраттың» матчына белгілі бір төрешілерді тағайындамасын деп шағым түсіргенбіз. Сөйтсе оған да жауап келмепті. ҚФФ шағымды елемеген.

- Кучин мен Хомич арасынағы даулы мәселе жөнінде не білесіз, Дмитрий төрешінің бетіне түкірген деп даурығып жатыр жұрт.

- Ешкім ешкімге түкірген жоқ. Бұл бос әңгіме. Сол сәтті ібден зерттегенбіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или