«Астана» биылғы еуромаусымда қанша табыс тапты
2019/2020 маусымының Еуропа лигасы топтық кезеңінің соңғы матчында «Астана» Сербия астанасы Белградқа қонаққа барып, жергілікті «Партизанға» есе жіберді, деп жазады Prosports.kz сайты.
Қазақстан клубы осы маусымда 4,31 миллион еуро қаржы тапты. «Астана» 2019/20 маусымындағы еурокубоктағы жолын Чемпиондар лигасында бастады, алайда бірінші іріктеу кезеңінде «ЧФР Клуж» командасына (2:3) есе жіберді – клуб турнирдің осы кезеңіне қатысқаны үшін 280 мың еуро алды.
Кейін «Астана» Еуропа лигасына ұшып барып, мынадай табыс тапты: ЕЛ екінші кезеңі - 260 мың еуро («Санта-Коломаны» жеңді — 4:1), ЕЛ үшінші кезеңі – 280 мың еуро («Валлеттаны» жеңді — 9:1).
«Астана» плей-офф матчта БАТЭ-ден басым түсті (3:2), алайда турнирдің бұл кезеңінде ешқандай ақы төленбеді. Дегенмен, елордалық клуб өз бюджетін ЕЛ тобына шыққаны үшін 2,92 миллион еуромен толықтырды.
«Астана» топтық ойында бір рет қана жеңіп («Манчестер Юнайтедті» 2:1 есебімен), 570 мың еуро алды.
Осылайша, жалпы сома 4,31 миллион еуроны құрады. Сондай-ақ, «Астана» маусымның қорытындысы бойынша маркетингтік және телеқұқық сатылымнан түскен төлем процентіне ие болады.