Live
Спорттағы коронавирус
Күрес

Qazaq Kuresi: Ақтөбеде өтетін әлем чемпионатына 40 елден балуандар қатысады

Qazaq Kuresi: Ақтөбеде өтетін әлем чемпионатына 40 елден балуандар қатысады

Турнир 15-16 желтоқсан күндері Ақтөбе қаласында өтеді.

Қазақ күресінен әлем чемпионатын «Qazaq Kuresi» халықаралық федерациясы ұйымдастырып отыр. Турнирге 40-тан аса елдің спортшысы қатысады. Олардың қатарында: Украина, Грузия, Австрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Иран, Ұлыбритания, Қырғызстан, Үндістан, Литва, Словения, Ресей және тағы басқа елдер бар. Балуандар 8 салмақ дәрежесінде белдеседі.

Чемпионатта Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Литва және Армения мемлекеттерінен келген 8 төреші және өз елімізден 12 төреші төрелік етеді.

Айтулы сайысқа жуырда «Әлем барысы-2019» жеңімпазы атанып, екі дүркін чемпион Айбек Нұғымаровты жеңген ресейлік Роман Бобиков та қатысатынын растап отыр. Ресейлік спортшы +100 салмақта және абсолютті салмақта белдеседі.

Жарыстың бас төрешісі ретінде – халықаралық дәрежедегі Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, PhD докторы Ербола Мырзабосынов тағайындалды. Qazaq Kuresi халықаралық федерациясы алтын, күміс, қола медальдардан бөлек, үздік техника, әдемі әдіс және тағы басқа техникасымен ерекшеленген спортшыларды марапаттайды.

Түпнұсқасы: inform.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0