- «Манчестер Юнайтедке» қарсы кездесумен салыстырғанда құрамда өзгеріс жоқ. Ағылшындарға қарсы кездесуге дайындалған футболшылар алдағы ойынға ұшып келді. Ашып айтқанда Марин Томасов, Фирмин Мубеле, Жарко Томашевич және Лука Шимунович жарақаттарына байланысты ертеңгі кездесуге қатыса алмайды. Біз ертең барынша жақсы ойын көрсетіп, лайықты нәтижеге жетуге тырысатын боламыз. Қарсылас та жақсы нәтижеге үшін алаңға шығары анық. Сол үшін де жанкүйерлер үшін жақсы ойын болады деген сенімдемін. Ал ойын нәтижесіне келер болсақ, қай команда лайықты болса, сол ұжым жеңіске жетеді.
- Команда қатарында бірнеше жас ойыншы Белградқа ұшып келді. Олар ертең алаңға шығуға мүмкіндік ала ма?
- Біздің соңғы ойында бірнеше жас ойыншы алаңға шығатын футболшылар тізіміне енген болатын. Ертең де олардың бірнешеуі сол тізімде болады. Жалпы алғанда алаңға шығуға кез келген ойыншының мүмкіндігі бар.
- Команда Белградқа бір апта бұрын келді. Дайындық жұмыстары қалай өтті?
- Біз жақсы жерде, керемет жағдайда дайындық жұмыстарын өткердік. Сондықтан да ешқандай қиындық орын алған жоқ. Команда дәл қазір өте жақсы психологиялық жағдайда. Бір өкініштісі команда үш апта бойы ойын тәжірибесінсіз қалып қойды. Дегенмен, біз ертең барлық жағынан өзімізді жақсы көрсетеміз деген ниеттемін.
- «Астана» өз сапына Балқан елдерінің ойыншыларын жиі шақырады. Алдағы маусымда «Партизан» немесе "Црвена Звезда" сапынан футболшылар шақыру жоспарыңызда бар ма?
- Мен осы аймақтың ойыншыларымен көп жұмыс жасадым, сондықтан олар туралы тек жақсы пікірдемін. Шынын айтар болсам, олар өте тәрбиелі, әрі жақсы дайындалған ойыншылар. Ал трансферлік жағдайға келер болсақ, нақты ештеңе айта алмаймын. Біздің дәл қазіргі ойымыз ертеңгі кездесуде, қалғанын алдағы уақытта көре жатармыз.