«Партизан» - «Астана» матчының тікелей трансляциясы
Бүгін УЕФА Еуропа лигасы турнирінің топтық кезеңіндегі соңғы матчтар өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Желтоқсанның 12-нен 13-не қараған түні Белградта жергілікті «Партизан» мен қазақстандық «Астана» кездеседі. L тобында 1/8 финал жолдамасын Алкмардың АЗ-ы мен «Манчестер Юнайтед» командалары әлдеқашан иемденіп қойған. Ал Сербиядағы ойын ештеңе шешпейді, тек топтағы соңғы орында қалып қоймау үшін болмаса! Дәл қазір «Партизан» командасы 5 ұпаймен 3-орында тұрса, астаналықтар 3 ұпаймен 4-орынға жайғасқан.
Матчтың тікелей трансляциясын Нұр-Сұлтан уақытымен 01.55-те мына СІЛТЕМЕДЕН тамашалауға әбден болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или