УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8 финалына жолдама алған командалардың бәрі анықталды
Өткен түнде 2019/20 масымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі ойындары толығымен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>Соның нәтижесінде 1/8 финалға жолдама алған командалар белгілі болды. Олар: «Пари Сен-Жермен» және «Лион» (Франция), «Реал» (Мадрид), «Барселона», «Валенсия» және «Атлетико» (Испания), «Бавария», «Боруссия» және «РБ Лейпциг» (Германия), «Тоттенхэм Хотспур», «Манчестер Сити», «Ливерпуль» және «Челси» (Англия), «Аталанта», «Ювентус» және «Наполи» (Италия).</span>
<span>16 желтоқсан күні 1/8 финалдық жұптарға жеребе тастау барысында өз топтарының мына жеңімпаздары бірінші қоржынға орналасады: «Пари Сен-Жермен», «Бавария», «Манчестер Сити», «Ювентус», «Ливерпуль», «Барселона», «РБ Лейпциг» және «Валенсия».</span>
<span>Екінші қоржынға «Реал», «Тоттенхэм Хотспур», «Аталанта», «Наполи», «Боруссия» «Лион», «Челси» және «Атлетико» орналастырылады.</span>