Слободан Урошевич: Жақсы нәтижеге жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тиіспіз

Слободан Урошевич: Жақсы нәтижеге жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тиіспіз
«Астана» - «Партизан» арасындағы кездесу алдында сербиялық команда қорғаушысы Слободан Урошевич ойын туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz, елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

<span>- Ертеңгі ойынның қалай өрбейтінін біз нақты білмейміз. Себебі, көп футболшылар шаршап қалды. Дегенмен, лайықты нәтижеге жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тиіспіз.</span>

<span>- АЗ Алкмарға қарсы кездесуде соңғы минуттар шешуші рөл атқарып кетті. Сол жағдай ертең қайталанбайтынына сенім білдіре аласыз ба?</span>

<span>- Әр ойын өзінше өзгеше. Сондықтан, біз нақты кепілдік бере алмаймыз. Біз ол кездесуден лайықты сабақ алып үлгердік. Сол себепті ол қателікті қайталамауға тырысатын боламыз.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или