Карло Анчелотти «Наполиден» кетті

Карло Анчелотти «Наполиден» кетті

«Наполи» Карло Анчелоттидің команданың бас бапкері қызметінен кететіні туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

60 жастағы маман неаполатандық клубтағы соңғы матчында командасын Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шығарып кетті.

«Наполи» бельгиялық «Генкті» (4:0) жеңіп, өз тобында «Ливерпульден» кейін екінші орынға табан тіреді.

 -«Наполи» Анчелоттимен ынтымақтастығын тоқтату туралы шешім қабылдады. «Аурелио де Лаурентис пен Анчелотти достық қарым-қатынасты және өзара сыйластықты сақтап қалды» - деп мәлімдеді италиялық клубтың баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или